Депутат күш құрылымдарын тендерге мүлдем жолатпауды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат  күш құрылымдарын тендерге мүлдем жолатпауды талап етті

Депутат күш құрылымдарын тендерге мүлдем жолатпауды талап етті

Абыройдан айырған тендер. Бүгін депутаттар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден, Қорғаныс пен Ішкі істер министрліктерін   мемлекеттік сатып алулардан мүлдем аластатып, орнына күш құрылымдарына ортақ жүйе құруды ұсынды. Мәжілісмендердің пікірінше, тендерге араласатын қолында билігі бар генералдар шетінен бюджет ақшасын жеп жатыр.

  • 6 Қараша 2014
  • 228
Фото - Caravan.kz


Бақытжан Ертаев, Мәжіліс депутаты:

-Жемқорлықтан көп біздің генералдарымыз түрмеге кетіп жатыр.Тендерді алу керек. Ол жемқорлықты кемітеді. Әскери адам, Бас штабтың бастықтары не керек соны сұрау керек. Министр бар, қарау керек, Үкімет талқылау керек.

Яғни, офицерлер қажетті қару-жарақ, техника мен өзге де тауардың тізімін жазып, Үкіметке өткізу керек. Оны сатып алумен арнайы орган айналысады. Ал тауардың сапасын қосымша құрылған әскери комиссия жіті тексеріп алу  қажет. Шұғыл түрде осындай шешім қабылдамасақ, қазынаның қаржысына қолы жеткен генералдар ұрлап жатыр деп айғайға басты. Офицер бірінші кезекте сауда-саттыққа емес, қарулы күштеріміздің нығаюына, Отан алдындағы абыройына ғана алаңдауы тиіс екен. Сондай-ақ, халық қалаулылары «генерал» атағын беру ережесін қайта қарауды ұсынып отыр. Жоғарғы шен ардагерлер кеңесімен келісілуі тиіс деген ойда.