Депутат Зағипа Балиева Спорт істері жөніндегі агенттік төрағасына талап қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат Зағипа Балиева Спорт істері жөніндегі агенттік төрағасына талап қойды

Депутат Зағипа Балиева Спорт істері жөніндегі агенттік төрағасына талап қойды

Депутат Зағипа Балиева Спорт істері және дене шынықтыру агенттігі төрағасы Тастанбек Есентаевты

  • 28 Мамыр 2014
  • 482
Фото - Caravan.kz

үкіметте спортқа бөлінетін қаржыны көбейту мәселесі талқыланғанда табандылық танытуға шақырды.

«Бізде ақшаны есептеу тәсілі дұрыс емес. Агенттік төрағасы ретінде бізде ақша жоқ деуге болмайды. Табандылық танытып: «Ал, біз қылмыскерлердің күтіміне, сырқаттар мен балалар ауруларының алдын алуға қанша қаражат жұмсап жатырмыз?» деуіңіз керек», — деді З.Балиева агенттік төрағасына.

Ол әріптестерінің «спортшыларды жаттықтырушы етіп тағайындап, оларға жалақы тағайындау» жөніндегі ұсынысын қолдайтынын жеткізді. «Қазір оларды жаттықтырушы етіп тағайындап, спорттың белгілі бір салаларын соларға бекітіп қойсақ спортты дамытамыз», — дейді депутат.