Жарияланды: 290

Депутаттар отандық сыраны жарнамалауға салынған тыйымды алып тастауды талап етті

Елімізде отандық сыраны ашық жарнамалауға қайта рұқсат етілуі мүмкін. Депутаттардың пікірінше, өзімізде өндірілетін алкоголі аз сусындарды телеарналарда жарнамалау ауадай қажет. Өйткені, Қазақстанда ақпарат құралдары арқылы сыраны көрсетуге тыйым салынғалы бюджет сатылымнан салық ретінде түсетін миллиондаған теңгеден қағылып отыр екен. Есесіне жұрт жарнамасы жер жарған Ресейдің өнімін сатып алуда. Яғни, қомақты пайданы да көршілеріміз

көріп келеді дейді депутаттар. 

Еліміздегі телеарналарда спирттік ішімдіктердің жарнамасы соңғы рет осыдан он жыл бұрын көрсетілген еді. Содан бері алкогольді насихаттауға қатаң тыйым салынған. Мұндағы мақсат – маскүнемдікті азайту болатын. Алайда, одан ащы суға құмарлардың қатары кеми қоймапты. Өндіріс көлемі де күн санап артуда. Мәселен, отандық зауыттар жылына 50 миллионға жуық декалитер сыра шығарады екен.

Мейрам Бегентаев, Мәжіліс депутаты:

-Жарнамалауға тыйым салып тұтынушы санын азайта алмаймыз. Оны әлемдік зерттеулер де дәлелдеген. Екіншіден, еліміздегі көрерменнің 30-40 пайызы ресейлік телеарналарды қарайды. Біз отандық өнімнің орнына ресейлік сыраны сатып алуға үгіттеп жатырмыз. 

Сондай-ақ, депутаттар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы нарықтық талаптарымыз да тең болуы тиіс дейді. Яғни, Ресей сыраны ашық жарнамалап жатқанда отандық кәсіпорындардың қолын байлау әділетсіздік. Сондықтан, мәжілісмендер телеарналарға алкоголі аз сусындарды көрсетуіне рұқсат беру керек деп есептейді.    

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Жарнама жасауға біз жол ашуымыз керек. Себебі, қазіргі кезде Ресейдің өндірушілері бұл жерде, тіпті өзіміздің елімізде де олар өз таураларын жарнамалап жүр. Ал, біздікілерге ол жағынан тыйым салынған.

Жарнаманың жоқтығынан бюджет те жыл сайын сатылымнан түсетін миллиондардан қағылып келеді. Мәжілісмендер бұл мәселені дәл қазіргідей дағдарыс кезде шұғыл күн тәртібіне енгізіп, талқылауға дайын. 

Серікбай Нұрғисаев, Мәжіліс депутаты:

-Бюджетке ақша түскенін біз қалаймыз ба, қаламаймыз ба? Мәселе осында. Сыраны жариялап, қанша пайда түсіріп, қалай болатынын есептеп, Үкіметұсынысын  кіргізу керек.

Телеарналар мен газет-журнал өкілдері болса, Үкіметке хат жолдамақ. Медиақұрылтай мүшелері биліктен балалар ұйқыға кеткенде, түнгі уақытта сыраны жарнамалауға қайта рұқсат етуді сұрап отыр. Сонда көрерменнің отандық брендты танып-білуіне, тұтынушының таңдау жасауына мүмкіндік тумақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін