Жарияланды: 590

Депутаттар қамауда отырған Жақияновтың мәлімдемесі жазылған үнтаспаның жалған еместігіне күмән келтірмейді

Депутаттар Ғалымжан Жақияновтың мәлімдемесі жазылған үнтаспаның жалған емес екеніне көз жеткізді,- деді KZ-today тілшісінің сауалына жауап берген мәжіліс депутаты Николай Щербинин.

Осы орайда Н.Щербинин өзінің басқа да әрістестерімен бірге ҚР Бас прокуратурасына үнтаспаның түпнұсқа екеніне көз жеткізіп куәландыру жөнінде депутаттық сауал жолдағанын хабарлады. "Кеше бізге бұл үнтаспаны көрсетті, екі камерамен жазылған үнтаспалардағы жазбалардың мерзімі бір секунд та алшақтамай, дәлме-дәл сәйкеседі",- деді депутат. Сондай-ақ, Н.Щербининнің хабарлауынша, кеше депутаттарға тәуелсіз сарапшылардың үнтаспаның түпнұсқа екенін дәлелдейтін қорытындысы таныстырылған. Сонымен бірге, депутаттың айтуынша, көрсетілген жазбада "қамауда отырған Жақиянов саяси іс-қызметтен бас тартатындығы туралы емес, бәсең саясатқа ден қоятыны туралы мәлімдеген". Үнтаспаның жалған емес екеніне мәжіліс депутаты Жекен Қалиұлы да сенімді. KZ-today тілшісіне берген сұхбатында атап көрсеткеніндей, Ж.Қалиұлы да басқа депутаттармен бірдей үнтаспаның түпнұсқа екеніне көз жеткізу үшін кеше Бас прокуратураға шақырылған. "Бұл жазбаны мен зейін салып қарадым, сол себепті жазбаның шынымен жасалғанына көзім жетеді, ешқандай монтаж немесе жалғандық байқалмайды",- деді депутат. Ол да жазбаның екі камерамен жазылғанын атап көрсетті. "Мен бұл жазбалардың нақты екенін үзілді-кесілді растаймын" ,- деді ол. Оның айтуынша, үнтаспада қамауда отырған Жақиянов "өзінің қорғаушысы оқып таныстырған мәлімдеме мәтінімен келісетінін " айтқан. Осы орайда Ж.Қалиұлы "Ғ.Жақияновтың үнтаспада "жабығыңқы, тұнжыраңқы" күйде екенін, қамауда отырған адамдның осындай ахуалда болатыны түсінікті жағдай" деп мәлімдеді. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ғалымжан Жақиянов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығына " менің үстімнен қылмыстық іс қозғамай, бостандыққа шығарса және кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік берілсе, белсенді саяси іс-қызметтен және Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысын қаржыландырудан өз ықтиярыммен бас тартамын деп ұсыныс жасаған болатын. Ғ.Жақияновтың қорғаушысы Елена Ребенчуктың тұтқынның жанында отырып жасаған ресми мәлімдемесі бейнетаспаға жазып алынған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін