Депутаттар қазақ-өзбек шекарасынан өткізу ережесіне түзетулер енгізбекші - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар қазақ-өзбек шекарасынан өткізу ережесіне түзетулер енгізбекші

Депутаттар қазақ-өзбек шекарасынан өткізу ережесіне түзетулер енгізбекші

Депутаттардың жұмыс аптасы Парламенттің бірлескен отырысынан басталды.

  • 19 Маусым 2017
  • 261
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, бүгін Сенатта ҚР Жоғарғы сот судьяларын жұмыстан босату мәселесі талқыланады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ал 20 маусымда xалықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қазақ-өзбек шакарасынан өту туралы заң жобасына қандай түзетулердің қажет екенін шешпек. Бұдан бөлек, сейсенбі күні сенаторлар мемлекеттік білім жинақ жүйесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу мәселесін талқылайды", — деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Оксана Лоскутова бүгінгі брифингте. Сәрсенбі, 21 маусымда азаматтық қорғанысты дамыту мәселесіне арналған парламенттік тыңдаулар өтеді. Келесі күні Сенатта Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы теміржол көлік қызметі туралы келісімді ратификациялау жайы талқыланады.

"Сондай-ақ, 22 маусымда Мәжілісте инновациялық экономиканы заңнамалық қамтамасыз ету бойынша xалықаралық конференция ұйымдастырылады. Оған Франция, Литва, Германия, Италия және басқа да шет елдердің өкілдері қатысады", — деп атап көрсетті О. Лоскутова.


 

Соңғы жаңалықтар