Депутаттардың бәріне ескерту! Сандырақтамай мандаттарыңды тапсырыңдар! - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттардың бәріне ескерту! Сандырақтамай мандаттарыңды тапсырыңдар! - Айгүл Орынбек

Депутаттардың бәріне ескерту! Сандырақтамай мандаттарыңды тапсырыңдар! - Айгүл Орынбек

Заңгер, танымал блогер Айгүл Орынбек депуттардың бәріне шүйлікті. 

  • 10 Сәуiр 2023
  • 800
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Айгүл Орынбек фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Заңгер қоғамдағы белең алып бара жатқан, әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырауы күн санап артқан жайтты қозғады. 

Бұл жолы біріне мес, барлық депутатқа шүйлікті. Тіпті, мандаттарын тапсыруды бұйырды. 

"Шет елге тұрмысқа шығатындарға емес, әйелдерді өлтіріп, ұратындарға заң шығарып қатырып алыңдаршы!

Қоғамдағы әйелдердің мәселесінен бейхабар адамның пікірі осындай болады.

Қалайша бұндай кісі Президенттіке үміткер болды екен?

Ауыл — аймаққа келіп, тұрмыстық зорлық көріп жүрген әйелдердің әңгімесін тыңдап көрсе бұлай демес еді.

Елімізде бір жылдың ішінде 400 ге жуық әйел көз жұматынын, Қарақат ханым біле ме?


Әлде Парламент төрі, ойына келгенін айтып кететін жер деп отыр ма?

Депутаттардың бәріне ескерту!!!

Халықтың пайдасына, еліміздің болашағына тиісті керек заңдарды қабылдай алмайтын болсаңдар, әр бәлені сандырақтамай мандаттарыңды тапсырыңдар!

Тағы бес жыл сендердің цирк қойылымдарыңды көріп отыруға уақыт жоқ!", деп жазды заңгер. 

"Соны айтам болмағыр заң шығарады осылар", "Депутат болған деген осы екен деп сонша күн ойлап тапқан сөздері ғой. Оның сөзін ешкім қыстырған да жоқ", "Дұрыс, қолдаймын!", деп жазды оқырамндар заңгерді қолдап. 

Соңғы жаңалықтар