Депутаттың бетіне түкіріп, кек алған журналистің ісі сотта қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттың бетіне түкіріп, кек алған журналистің ісі сотта қаралады

Депутаттың бетіне түкіріп, кек алған журналистің ісі сотта қаралады

Депутаттың бетіне түкіріп кек алған журналистің ісі енді сотта қаралатын болады. Мәжілістің ең жас мүшесі Тәңірберген Бердоңғаров намысыма тиді деп журналист әрі оқытушы Рафаэль Балғиннің үстінен Алматы қалалық ІІД-не арыз түсірген. Полиция өкілдері бұл істі сотқа жолдапты.

  • 21 Шiлде 2011
  • 387
Фото - Caravan.kz

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Жеке басын айыптау санатындағы іс болғандықтан сот қарастырады. Яғни жәбірленуші адам сот арқылы жауапқа тартуға мүмкіндік бар. Сондықтан бұл іс бүгіннен бастап сотқа жіберілетін болды.

Рафаэль Балғин депутат Бердоңғаровтың полицияға берген арызымен өзі танысқан. Халық қалаулысы берген түсініктеменің жартысы жалаға толы дейді. Яғни арыздағы келтірілген дәйекке сәйкес, журналист депутаттың бетіне түкіргенмен қоймай, ұрып та жіберіпті. Дегенмен Рафаэль Балғин керісінше өзінің таяқ жегенін айтады. Тіпті сот-сараптамалық тексеруден өтіп, депутаттың өзіне соққы көрсеткенін дәлелдеп шыққан. Бұл мәселеге қатысты Тәңірберген Бердоңғаров тек сот шешімі шыққаннан кейін сұхбат беремін деп отыр. Естеріңізге сала кетейік, депутат пен оқытушы арасындағы дау 2003 жылы туындаған. Ол кезде Рафаэль Балғин университетте сабақ беріп жүргенде шәкірт қыздарының бірімен сөзге келіп қалыпты. Сол кезде өзін әлгі бойжеткеннің сүйіктісімін деп таныстырған Бердоңғаров оған қоқаң-лоқы көрсеткен екен. Соның кесірінен жұмысынан кетіп тынған Рафаэль, депутатты кейін Алматыда кездейсоқ көшеден көріп, бетіне түкіріп кек қайырған болатын.  


Рафаэль Балғин, журналист:

-Әділдік жеңеді деп ойлаймын. Ерте ме, кеш пе өз жазасын алады. Өзінің өтірігі мен жаласы бәрібір анықталады. Мен де оған қатысты қайтарма арыз түсірем. Таяқ жеген ол емес, мен екенін медициналық сараптама да дәлелдеп отыр. 

Соңғы жаңалықтар