Дерновой өңірлердің денсаулық сақтау департаменттерінің басшыларының кандидатураларын министрлікпен келісуді талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дерновой өңірлердің денсаулық сақтау департаменттерінің басшыларының кандидатураларын министрлікпен келісуді талап етуде

Дерновой өңірлердің денсаулық сақтау департаменттерінің басшыларының кандидатураларын министрлікпен келісуді талап етуде

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой өңірлердің денсаулық сақтау департаменттерінің басшыларының кандидатураларын министрлікпен келісу керектігін талап етеді. Бұл туралы ол бүгін "Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және халық денсаулығын қорғау шаралары туралы" парламент тыңдауы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Мамыр 2008
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен әкімшілік реформаны жетілдіру аясында денсаулық сақтау департаменттерінің басшыларының кандидатураларын министрлікпен келісуді заңдық тұрғыдан бекіту шаралары, сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер арасында меморандумға қол қою қарастырылады. Бұл нормалар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі бойынша» кодекс жобасында көрсетілген және бұл мәселеде, құрметті депутаттар, сіздердің қолдауларыңызды өтінемін», — деді А. Дерновой парламент депутаттарына арнаған сөзінде.

Ол кодекс жобасы мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты жасалғанын және қазіргі уақытта парламенттің қарауында жатқанын еске салып өтті.

Денсаулық сақтау министрін Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Жақсылық Досқалиев қолдады. «Қазақстандағы медицина саласын басқару денсаулық сақтауға бөлінетін қаражаттың 60 пайызына жуығын жергілікті атқару органдары басқаруға байланысты біршама қиындық тудырады. Бұл ретте кейде тіпті облыстық денсаулық сақтау департаменттері мен әкімдіктер өз әрекеттерін Денсаулық сақтау министрлігімен келіспейтін де жағдайлар кездеседі», — деді ол парламенттік тыңдауға қатысып отырған әкімдіктер мен өңірлік денсаулық сақтау департаменттерінің өкілдеріне қарата.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті