Дертке шалдыққан Әбунасыр Серіков шетелде ем алып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дертке шалдыққан Әбунасыр Серіков шетелде ем алып жатыр

Дертке шалдыққан Әбунасыр Серіков шетелде ем алып жатыр

Қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болып, көптеген фильмдердің жұлдызына айналған Әбунасыр Серіков осы салаға қалай келгенін және бойындағы ауыр дерті жайлы айтты.

  • 20 Қаңтар 2020
  • 79
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ревю-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

"Алладан бұрыннан киноға түсуді тілегенмін. 4 жыл қатты науқастанғаннан кейін қазір гастролдік сапарларға шыға алмаймын. Алла Тағала "осыны тілеп едің ғой " деп науқас болғаннан кейін киноға алып келді деп ойлаймын", — деп кино келу тарихын осылай түсіндірді. 

Кезінде "Нысана" деп театр ашқан Серіков нысанаға дөп тигізе алмай ұжымды таратып жібергенін жасырмады. Бәріне денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Тіпті, оның дерті соңғы түскен фильмінде де сыр берген көрінеді. 

"4 жылдан бері емделіп жүрген соң қиын болды. Аяқ-қолым жылымайды. Сол жерде жүрген гример қыздарға, жарық беруші жігіттерге рахметім шексіз. Өйткені, аяғым қақсап кетіп жата салсам, біреуі арқамды, табанымды, санымды, бірі балтырымды уқалап жатады", — деп ұжымдағы қызметкерлерге алғысын жаудырды Серіков. 

Бірақ актер ауруының алдын алу үшін тыңғылықты түрде ем қабылдап денсаулығын жіті күтіп жүргенге ұқсайды. Жеті түрлі кесел жанын жесе де ештеңеге мойымаймын дейді Серіков. 


"Науқастанған соң 25 кг тастадым. Енді 2-3 кг қосып, өз-өзіме келе жатырмын. Поликлиникаларда тіркеудемін. Маған дәрісін береді. Таңда түсте кешке ішемін. Сондықтан өз-өзіме енді келе жатырмын", — деп үнемі ем алып жатқанын айтты. 

Қазіргі таңда актер шет елде ем алып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар