Жарияланды: 420

Deutsche Bank 9 мың қызметкерін қысқартпақ

Deutsche Bank 9 мың қызметкерін қысқартпақ

Германияның ең ірі банкі Deutsche Bank көлемді қызметкерлерді қысқарту орын алатыны туралы жариялады, деп хабарлайды Би-би-си.

Банктің бейсенбі күні шығарылған есебінде айтылғандай, қаржы шығынына ұшыраған топ тұрақты келісімшарттардағы 9 мың қызметкерін қысқартып, активтерін сатуға мәжбүр болып отыр. Бұл тағы 20 мың жұмыс орнының қысқаруына әкеліп соқтырады.

Financial Times газетінің хабарлауынша, банк 10 елдегі бөлімшелерін жабады.

Қысқарту туралы мәлімдеме банктің 2015 жылғы үшінші тоқсандағы есеп беруімен бір уақытта жарияланған. Онда Deutsche Bank 6 млрд-қа жуық еуро (6,6 млрд. доллар) көлемінде қаржысынан айырылғаны туралы жариялаған.

Банк осыншама қомақты қаражаттан айырылу себебін өз активтерінің, атап айтқанда,  Postbank инвестициялық және ритейл-банкінің күрт құнсыздануымен түсіндіріп отыр. Қазіргі кезде Deutsche Bank оны сатып жіберуді жоспарлап отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін