"Диастың әлі күнге дейін үйленбей жүргеніне қарағанда, мүмкін пәк қыз күтіп жүрген шығар" - Нағима Есқалива - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Диастың әлі күнге дейін үйленбей жүргеніне қарағанда, мүмкін пәк қыз күтіп жүрген шығар" - Нағима Есқалива

"Диастың әлі күнге дейін үйленбей жүргеніне қарағанда, мүмкін пәк қыз күтіп жүрген шығар" - Нағима Есқалива

Халық артисі, әнші Нағима Есқалиева ұлы Диас Абылаевтың «Virgin», яғни қазақшаға аударғанда «Пәк қыз» деп аталатын жаңа альбомын тыңдағанда таң қалғанын жасырмады.

  • 28 Наурыз 2018
  • 161
Фото - Caravan.kz

«Құдай сақтасын! Пәк қыз дей ме? Ол ән ағылшын тілінде, сондықтан оны түсінбеймін. Бірақ әннің сөзін өзі жазған. Оның әлі күнге дейін үйленбей жүргеніне қарағанда, мүмкін пәк қыз күтіп жүрген шығар», — деп күлді танымал әнші.

«X-Factor» жобасының жаңа кезеңіне қызу дайындықта жүрген әнші ұлы Диастың ізін аңдып жүруіне уақыты бола бермейтінін де айтты. Яғни, әлі күнге дейін үйленбей жүруінің себебін білмеймін дейді ол.

Еске салайық, 2016 жылы Диас Абылаев Нью-Йорктегі гей-парадта суретке түсіп, онысын әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Тыңдармандары сын айтқаннан кейін ол өзінің гей-парадқа қатыспағанын, кездейсоқ суретке түсіп қалғанын айтып ақталды.

Оқи отырыңыз:

Қызылордада тал түсте көшеде болған атысты "бұзақылық" деп тергеп жатыр

Баян Мақсатқызы қазақ қыздарына үлгі емес — қазақ тілінде еркін сөйлейтін орыс қызы