Диетологтар: Салмағын түсірмек болған адамдарға сүйікті тағамдарын жеуге болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Диетологтар: Салмағын түсірмек болған адамдарға сүйікті тағамдарын жеуге болмайды

Диетологтар: Салмағын түсірмек болған адамдарға сүйікті тағамдарын жеуге болмайды

Дьюк университетінің зерттеушілері емдәм мәзірінде  сүйікті тағамдар болмауы тиіс деп сендіреді.

  • 18 Маусым 2015
  • 540
Фото - Caravan.kz

Оларды рационға қосқан адам салмақ қосып алуы әбден мүмкін.

Бұл туралы Росбалт жазады.

48 аптаға созылған жаңа зерттеуге 207 ерікті қатысқан, деп жазады Meddaily. 105 қатысушыға төмен көмірсутекті  және үлесі аз емдәмді таңдау ұсынылды. Олардың 58 пайызы емдәмнің бірінші түрін ұстауды, қалғандары екінші нұсқаны таңдады. Бұдан басқа, бұл еріктілер 12 аптадан кейін емдәмді ауыстырып алды. Қалған 102 қатысушыға мамандар емдәмдерді өздері таңдап берді. 52 пайызына төмен көмірсутекті емдәмді, қалған 48 пайызға — май үлесі аз емдәм ұстануын сұрады.

Мамандар емдәм түрін өздері таңдаған адамдар оны қатаң ұстанып, емдәм таңдап берілгендерге қарағанда көбірек салмақтарын арылады деп пайымдады. Екі топтың қатысушылары да топтық кеңестерге қатысып, мамандармен телефон арқылы хабарласып тұрған, кітаптарды және өзге де материалдарды пайдаланған. Осының барлығы оларға емдәмді ұстап тұруға көмектесті.

Зерттеудің соңына қарай емдәм түрін өздері таңдаған еріктілер орташа есеппен алғанда 5,7 келіден арылған. Емдәмді зерттеушілер таңдап бергендер шамамен 6,7 келі тастаған. Алдыңғы зерттеулер егер дұрыс ұстаса, екі емдәмнің да тиімді екенін көрсетті. Алайда емдәм кезінде өзі ұнатпайтын тағамдарды  жейтін адамға артық салмақтан арылу оңайлау. Ал адамдар өздері ұнататын тамақтарды көбірек жеуге әуес.