Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Ол қылмыстық топпен бірге Алматыда арнайы операция барысында ұсталған. 

  • 6 Сәуiр 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz

Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.

"6 сәуірде сот қаулысымен соталды тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарын қарау кезінде қамауда ұстау мерзімін бір айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді", — делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, Жұмагелдиев ұсталғаны туралы ақпарат 7 қаңтарда белгілі болды. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық топпен бірге Алматыда арнайы операция барысында ұсталды. Ұсталған кезде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат тапанша, оқ-дәрілер, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді.


ҚР ІІМ-нің алдын ала деректері бойынша, ол былтыр желтоқсанда шетелден келген және 5-6 қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматыда болған.

Соңғы жаңалықтар