Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Құттықтап жатқан көпшілікке мың алғыс. Әрбір жылы лебіздеріңіз үшін рахмет айтамын.
Біздің сәбиіміз мемлекетіміздің азаматы болып үлгерді. Құттықтауларды әлі де қабылдаймыз. Сүйіктім, бұл екеуміздің бірге жасаған ең керемет дүниеміз болмақ", — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары 39 жасында алғаш рет ана бақытына бөленген өнер иесі үшін қатты қуанып, оған деген құттықтау сөздерін жарыса жаудырған.