Димаш Құдайберген 5 тонна азық-түлікпен қай қаланы қамтамасыз етті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген 5 тонна азық-түлікпен қай қаланы қамтамасыз етті

Димаш Құдайберген 5 тонна азық-түлікпен қай қаланы қамтамасыз етті

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Ақтөбедегі мұқтаж отбасыларға бес тонна азық-түлік жіберді.

  • 7 Сәуiр 2020
  • 32
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Әншінің ізгі амалы туралы облыстық филармонияның директоры Елубай Кенжалиев мәлімдеді.

"Димаш игі іс жасап, елордалық және ақтөбелік отбасыларға бес тонна азық — түлік жөнелтті", — деп жазды Кенжалиев.

Оның айтуынша, 100 отбасыға көмек көрсетілген.
"Міне, шынында игі істер осылай жасалады: жариялылықсыз, тыныш, тек жанның қалауымен және жүректің түкпірінен", — деді Димаштың Eurasian Fan Club фан-клубы.

Бұған дейін Димаш барлық қазақстандықтарды коронавирус пандемиясы кезінде үйде қалуға шақырды. Ал өзі қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында, уақытын отбасымен бірге өткізіп жатыр.
Әнші Arnau Tour әлемдік турнесін кейінге қалдырды. Тыңдаушылар "карантиндегі жұлдыз" онлайн-жобасы арқылы Димаштың әнін тыңдай алады.