Димаш Құдайберген АҚШ-та көрерменнің ең көп даусына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген АҚШ-та көрерменнің ең көп даусына ие болды

Димаш Құдайберген АҚШ-та көрерменнің ең көп даусына ие болды

Күні кеше The World’s Best шоуының алғашқы кезеңінде ең жоғары ұпай жинап, жеңіске жеткен Димаш Құдайберген тағы бір қуанышымен бөлісті. Ол өткен түні тыңдармандардың ең көп даусын жинаған.

  • 8 Ақпан 2019
  • 245
Фото - Caravan.kz


“Қайырлы күн, менің қымбаттыларым. Бүгін сіздерге алғыс айтқым келіп отыр. Мен өткен түні үздік атандым. Қолдауларыңыз үшін көп рахмет. Мен сіздердің махаббатарыңызды сеземін. Сіздерді қатты жақсы көремін”, – деп бөлісті Димаш желідегі парақшасында.

Айта кетейік, The World’s Best (“Әлем үздігі”) байқауы АҚШ-та 3 ақпан күні бастау алды. Қазақстандық көрермендер эфирді тек кеше, 7 ақпан күні тамашалай алды. Шоудың алғашқы кезеңінде Димаш Құдайберген француздың S.O.S d’un terrien en détresse туындысын орындаған. Ол қазылар алқасының ең жоғары ұпайына ие болып, қатысушылар арасында көш бастады.

Соңғы жаңалықтар