Димаш Құдайберген - Біз бір үйдің, бір мекеннің перзентіміз - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген - Біз бір үйдің, бір мекеннің перзентіміз

Димаш Құдайберген - Біз бір үйдің, бір мекеннің перзентіміз

Біз бір үйдің, бір мекеннің перзентіміз. Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болсын, деді отандық әнші. 

  • 20 Желтоқсан 2022
  • 96
Фото - Caravan.kz

Бірінші Орталық Азия медиа форумының «Бейбітшілік этикасы» тақырыбындағы сессияда сөз сөйлеген Димаш Құдайберген алғашқы сөзін Мұхаммед Хайдар Дулатидің сөзімен бастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

«Түрлі әлемдегі тыныштық пен бейбітшіліктің ең басты кілті сарымайдан қыл суырғандай саяси дипломатиялық, адами қарым-қатынас мемлекетаралық сыйластық. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің территориялық тұтастығын, ішкі саясатты құрметтеуі. Ғалымдардың зерттеуіндегі адамзат тарихы алғаш рет хатқа түскеннен бергі кезеңге көз жүгіртсек, мыңдаған жыл ішінде яғни, бес жарым мың жыл ішінде адам баласы 292 жыл ғана тыныштықта өмір сүрген деседі. Бұл өкінішті жайт. Адамзат санасының бағзы замандардан бері көп өзгермендігін көрсетеді. Әлі күнге дейін талай елдер соғыс зардабын тартып, экономикасы құлдырап жатыр. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын тартуда. Мұның барлығы бейбітшілік еткен жерлер, берекесіздік жайлайтындығының айғағы. Соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі XXI ғасырдың да ең өзекті мәселесінің бірі болып тұр. Біз неліктен мыңдаған жылдар бойы тату ғұмыр кешуді үйрене алмай келеміз? Осы сұрақ мені көптен бері мазалайды», — деді.

Сондай-ақ, Димаш адамзаттың ортақ мүддесі үшін бірге күресуге шақырды.


«Біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жалпы адамзаттың ортақ мүддесі үшін неге біріге алмай келеміз? Бізге не жетпейді? Сондықтан әрқашан дүрдараздыққа жол бермей, достаса алуымыз қажет. Біз бір үйдің, бір мекеннің перзентіміз. Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болсын. Ең бастысы, біздің өскелең ұрпаққа түсіндіретініміз ата-баба қанымен келген Тәуелсіздікті қорғауымыз керек. Еліміздің амандығы үшін жұмыс жасауымыз керек», — деді Димаш Құдайберген.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Орталық Азия медиа форумының бірінші күні. Іс-шараны ұйымдастырушы — Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Соңғы жаңалықтар