Димаш Құдайберген челлендж жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген челлендж жариялады

Димаш Құдайберген челлендж жариялады

Әнші Димаш Құдайберген Абай Құнанбаевтың туған күніне орай челлендж бастады.

  • 9 Тамыз 2023
  • 902
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты ол өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Челленджге қатысу үшін Абай Құнанбаевтың кез келген шығармасын жаттап немесе оқып, #AbayChallenge хэштегімен әлеуметтік желілерге видео жариялау керек. 

Димаштың өзі ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінен үзінді  оқып, челленджді бастап берді. 

"Құрметті достар, бұл челленджді әлемдегі барлық dears-тарға, барлық жанкүйерлеріме, өнердегі әріптестеріме жолдағым келеді. Тек  ғана амандық тілеймін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!", — деді әнші. 


Еске сала кетейік, ертең, яғни 10 тамыз күні қазақтың бас ақыны — Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл толады.

 

 

Соңғы жаңалықтар