Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл үндеу бейнематериал You Tube желісіне 7 ай бұрын жүктелген екен.
"Құрметті Отандастар, жерлестер! Бүгінгі көріп отырған бағдарламаларыңыз тіл мәселесі төңірегіндегі тақырыпты қозғағаны ерекше қуантты. Неге десеңіз, қаны қазақ, жаны қазақ азамат ретінде, патриот есебінде менің үлкен жүрек қалауларымның бірі еліміздің барлық азамат-азаматшалары өзіміздің ана тілімізде яғни қазақ тілінде таза, емін-еркін, әдеби нормаға сай сөйлесе керемет емес пе?
«Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте»,- деген асыл сөз бар емес пе?
Әлем елдері өз тілдерін жақсы көріп, қатты құрметтейді ғой…",- деп айтты Димаш Құдайберген.