Димаш Құдайберген: Мен өз фанаттарымның фанатымын - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген: Мен өз фанаттарымның фанатымын

Димаш Құдайберген: Мен өз фанаттарымның фанатымын

Әнші Димаш Құдайберген Қытайдың ірі қалаларында жеке концертін беруді жалғастырды.

  • 21 Мамыр 2018
  • 79
Фото - Caravan.kz

Қытайдың Шенжен қаласында жеке концертін берген Димаш Құдайберген өз фанаттарының фанаты екенін жеткізді. Ол концерттен соң тыңдармандарына алғыс айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Әнші Димаш Құдайберген Қытайдың ірі қалаларында жеке концертін беруді жалғастырды. Бұл жолы концерт Шенженде өтті. Ерекше әсерімен бөліскен Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде өз фанаттарының фанаты болғанын жасырмады.

«Стадион лық толы. Қолдап келген барлық жанкүйер тыңдармандарыма осы концертті ұйымдастырған командамның, отбасымның, өзімнің атымнан мың алғыс!», — деп жазды әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасына.

Айта кетейік, концертке Димаштың ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар қатысты. Света Айтбаева Димаш Құдайбергеннің гримеркасы арнайы гүлмен көмкеріліп, безендірілген бұрышты көрсетті. Онда әншінің бірнеше суреті ілінген.


Оқи отырыңыз:

Алматыда шаштараз өртеніп, 15 жасар қыз зардап шекті

Ерке Есмахан: Маxаббат жасқа да, нәсілге де қарамайды

Қан қызыл түске боялған Алматы өзенінің суы жұртты шошытты
 
 

 

Соңғы жаңалықтар