Димаш Құдайберген Қытай шоуында көрермендерді таңғалдырды (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген Қытай шоуында көрермендерді таңғалдырды (видео)

Димаш Құдайберген Қытай шоуында көрермендерді таңғалдырды (видео)

Танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайда Shine! Super Brothers телешоуында өнер көрсетті. Димаш Құдайберген Shine! Super Brothers музыкалық жобасына қатысып жатыр.

  • 28 Қараша 2021
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Stranger әнін шырқаған Димаш көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді.  

Әнші Қытайда Shine! Super Brothers музыкалық шоуына қатысып жатыр. Жоба қатысушылары бір-бірімен танысып, өз жетістіктері, сахнада неше жыл жүргені туралы әңгімелейді, содан кейін танымал шығармаларды орындайды.

Бір қызығы, бұл шоуда бәсекелестер жарыспайды, керісінше бір-біріне қолдау көрсетеді.

Айта кетері, Stranger әнін ресейлік композитор Игорь Крутой жазған. Оны Димаш алғаш рет тамыз айында "Новая волна" байқауында шырқады. Ол кезде бұл шығарманы әнші өзгеше орындаған еді.


 

Соңғы жаңалықтар