Димаш Құдайберген сөзін Назарбаев жазған әнді орындап берді – видео - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген сөзін Назарбаев жазған әнді орындап берді – видео

Димаш Құдайберген сөзін Назарбаев жазған әнді орындап берді – видео

Кеше, 16 желтоқсанда жарияланған видео бір тәуліктің ішінде 100 мыңнан астам рет қаралған, әннің сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазды.

  • 17 Желтоқсан 2020
  • 255
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Sputniknews.kz сілтеме жасап хабарлайды.

"16 желтоқсан – бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бойы армандаған Тәуелсіздік күні. Ұрпақ үшін маңызды осынау мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Берекесі мен бірлігі жарасқан еліміздің аспанында көк байрағымыз мәңгілік желбіресін!", — деп жазды Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұл әннің сөзін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазды. Композиторы – Бекболат Тілеухан.


Тәуелсіздік сарайында Димашпен бірге ондаған музыкант пен хор әртістері өнер көрсетті. Кеше жарияланған видео бір тәуліктің ішінде 100 мыңнан астам рет қаралған.

Соңғы жаңалықтар