Жарияланды: 50

Димаш Құдайберген Тоқаевпен және Мирзиеевпен кездесті

Димаш Құдайберген Тоқаевпен және Мирзиеевпен кездесті Сурет - Stan.kz

Димаш Құдайберген Тоқаевпен және Мирзиеевпен кездесті

Димаш Құдайберген Қазақстан және Өзбекстан президенттерімен кездесті. Әнші өзбекстандықтардың алдында ән айтып, олардың жүрегін баурап алды, деп жазады Stan.kz.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-дағы парақшасында кездесу кезінде түсірілген фотоларды жариялады. Ол Димаш жайлы пікірін білдірді. 

"Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін", - деді мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Димаш өзіне құрмет көрсеткен Тоқаевқа алғыс білдірді. 
"Ықылас, ниетіңіз үшін, аса зор құрметіңіз үшін көп рахмет, Қасым-Жомарт Кемелұлы!" - деді ол.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online) on

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін