Димаш Құдайбергенді Лондон әуежайындағылар зор ықыласпен қарсы алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайбергенді Лондон әуежайындағылар зор ықыласпен қарсы алды

Димаш Құдайбергенді Лондон әуежайындағылар зор ықыласпен қарсы алды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді Лондондағы Хитроу әуежайындағылар музыкамен және ду қол шапалақпен қарсы алды, артист 17 қарашада тұңғыш жеке концерті үшін ұшып барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

  • 18 Қараша 2018
  • 34
Фото - Caravan.kz

Орындаушының тыңдармандары Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайынан шығарып салған болатын, олар әншіге алдағы концерттің сәтті өтуін тіледі.

Ұлыбритания астанасында Димашты шамамен 100 адам қарсы алды — оның тыңдармандары әлемнің түрлі елінен барған.

Шотланд волынкасының үнімен әншінің тыңдармандары оны есік алдында күтіп тұрған, олар Димашқа сыйлықтар мен гүлдерін табыс етті. Жүздері эмоция мен қуанышқа толы тыңдармандар әншімен суретке түсіп, әңгімелесті. 


 

Соңғы жаңалықтар