Жарияланды: 40

Димаш Құдайбергеннің суреті Starbox журналының мұқабасына шықты

Димаш Құдайбергеннің суреті Starbox журналының мұқабасына шықты

Димаш Құдайберген әлемдегі ең танымал «Starbox magazine» интернет-журналының фотосессиясына қатысып, әншінің суреті басылымның мұқабасына шықты.

Басылым жақын арада желіге шығатын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қазақстандық әншінің Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.  «Starboх» танымал тұлғалар, белгілі әншілер мен шоу-бизнес жұлдыздарының сұхбаттары мен фото суреттерін жариялайтын интернет басылым. Бұған дейін беделді басылымның басты бетіне болгарлық және ресейлік әнші Кристиан Костов шыққан болатын. Айта кетейік, Беларусь еліндегі «Славян базарынан» кейін Димаш Құдайбергеннің жұлдызы жанып, ол эстрадалық ән орындаушылар арасындағы XXIV халықаралық байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды. Содан кейін Қытайдағы Singer-2017 байқауында екінші орынды иеленді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген белгілі америкалық Ranker.com сайтының «Барлық дәуірдің үздік әншісі» (The Best Singers of All Time) байқауының дауыс беру тізіміне енгізілді. Әнші екі жыл қатарынан 2017-2018 жылдардағы ең көрікті тұлғалар тізіміне де кірді. 2018 жылдың 9 қарашасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Лондонның орталығында Димаштың жеке концерті өткізілді. Димаш Құдайберген 22-23 наурызда Ресей астанасындағы Кремль сарайында жеке концертін өткізді. Артынша америкалық нағыз таланттар сынға түсетін The World's Best шоуының финалына өтті. Сондай-ақ, қазақстандық әнші 2019 жылдың 7 маусымы күні оралдық жас әнші, байқаудың жеңімпазы Ержан Максим де өнер көрсететін «МУЗ-ТВ 2019 сыйлығының» арнайы қонағы болмақшы. 2019 жылдың 29 маусымы күні әншінің жеке концерті еліміздің бас қаласында өтетін болады. Димаштың әлем бойынша жанкүйерлері Нұр-Сұлтан қаласына жиналады. Биылғы жылдың күзінде Нью-Йоркте Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті өтеді деп жоспарланып отыр.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін