Димаш Құдайбергенов қатысатын ән байқауының кестесі белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайбергенов қатысатын ән байқауының кестесі белгілі болды

Димаш Құдайбергенов қатысатын ән байқауының кестесі белгілі болды

Қытайдың Хунан телеарнасындағы отандасымыз Димаш Құдайбергенов қатысып жатқан «Singer2017» ән байқауының кестесі белгілі бол

  • 31 Қаңтар 2017
  • 681
Фото - Caravan.kz

Қытайдың Хунан телеарнасындағы отандасымыз Димаш Құдайбергенов қатысып жатқан «Singer2017» ән байқауының кестесі белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Телеарна сайтындағы мәліметке сәйкес, байқауға қатысушылар жалпы 5 іріктеу кезеңінен өтіп, финалға шығады. Әр іріктеу кезеңінде әншілер 2 айналымнан өнер көрсетеді.

Бүгінде алғашқы кезеңнің екі айналымы өз мәресіне жеткенін ескерсек, Димашты алда әлі 4 үлкен іріктеу кезеңі күтіп тұр. Димаш Құдайбергенов байқаудың екі кереңінде сәтті өнер көрсетіп, қытайды аузына қаратқан болатын.

Төменде отандасымыз өнер көрсететін «Singer2017» ән байқауының кестесін ұсынамыз.


I кезең: 21 және 28 қаңтар.

II кезең: 4 және 11 ақпан.

III кезең: 18 және 25 ақпан.

IV кезең: 4 және 11 наурыз.

V кезең: 18 наурыз, 25 наурыз.

Финал 1, 8 және 15 сәуір күндері өтеді. Байқау әр аптаның сенбі күні Астана уақытымен 20:30-да эфирге шығатынын ескертеміз.

Соңғы жаңалықтар