Димаш қытайлардың қазақтар туралы пікірін өзгертті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Димаш қытайлардың қазақтар туралы пікірін өзгертті

Димаш қытайлардың қазақтар туралы пікірін өзгертті

Мұхамеджанов: Димаш қытайлардың қазақтар туралы пікірін өзгертті.

  • 21 Қараша 2017
  • 249
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Димаш қазір Қытайда нөмір бірінші әншіге айналды.

Еуразия халықтары ассамблеясы бас хатшысының орынбасары Төлеген Мұхамеджанов Cанкт-Петербургте өткен халықаралық форумда Димаштың қазақтар туралы қытайлардың пікірін қалай өзгерткенін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Біздің әншіміз 23 жастағы Димаш Құдайберген қазір Қытайда нөмір бірінші әнші. Қытайлар әркез бізге қазақтарға жоғарыдан қарайтын. Тіпті олардың бастауыш сыныптардағы картасында Қазақстан аумағы Қытайға кіріп кеткен.

Мінеки, қазір енді біздің жігіт жарқ етіп, нөмір бірінші "қытайға" айналды десек артық айтпаспыз. Оны Қытайда жақсы көреді, Димаш арқылы біздің елімізді танып-біліп жатыр. Бізді бұрынғыдан бетер сыйлап, тілімізді түсіне бастады. Өйткені Димаш қазақ тілінде де ән айтып жүр", — деді Төлеген Мұхамеджанов. 


Халықаралық мәдени қауымдастықтың президенті еуразия континентіндегі елдер бір-бірімен байланысын үзбеу қажеттігін ерекше атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар