"Димашта мектеп жоқ, оның дауысы қойылмаған" - Бақыт Шадаева (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Димашта мектеп жоқ, оның дауысы қойылмаған" - Бақыт Шадаева (ВИДЕО)

"Димашта мектеп жоқ, оның дауысы қойылмаған" - Бақыт Шадаева (ВИДЕО)

Белгілі әнші Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергеннің өнері туралы өз ойын айтты.

  • 15 Сәуiр 2022
  • 16280
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Elmedia" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Димаштың өзінде де постановка жоқ. Оның Құдай берген, табиғат берген дауысы бар. Бәрі тамаша, бірақ оның мектебі жоқ, дауысы қойылмаған. Оның себептері білемін, өз көз алдымда өскен бала. Оған өмірге үлкен жолдаманы берген мен болатынмын. "Жас қанатқа" қатысып жатқан кезде, барлығы "Ондай дауыстар кетсін, құрсын" деп жатқан кезде мен ол кезде "Димаштан артық талантты көріп тұрған жоқпын", — дедім. Ол расында да өте талантты жігіт. Бірақ, Димаштың мектебі жоқ. Дауысы қойылмаған адам алысқа бара алмайды деп қорқамын. Бірақ, Құдай берген таланты бар. Дегенмен әрбір адамда мектеп болу керек, білім болу керек. Онсыз сіз алысқа бара алмайсыз", — деді Бақыт Шадаева.


 

Соңғы жаңалықтар