Димаштың әкесі сүйінші сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаштың әкесі сүйінші сұрады

Димаштың әкесі сүйінші сұрады

Димаш болашақта ұстаздықпен айналысуы мүмкін, дейді Қанат Айтбаев.

  • 12 Қыркүйек 2018
  • 32
Фото - Caravan.kz

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген оқуын сәтті аяқтап, қолына диплом алды.

Аз уақыт ішінде әлемнің көптеген мемлекетін аралап, түрлі байқауға қатысып үлгерген Димаш Құдайберген дипломын алды. Ұлы үшін сүйінші сұраған әкесі болашақта Димаштың ғылымға бет бұруы мүмкін екенін айтып өтті.

"Димаш дипломын қолға алды. Ол жастайынан ұстаздықты жақсы көретін. Болашақта ұстаздықпен айналысуы ғажап емес. Десе де, алда не күтіп тұрғанын Алла ғана біледі. Бүгінде оқуын композиция саласы бойынша жалғастырмақ ниетте. Сол себепті жұмыс арасында концерттік шаралар арқасында көптеген ізденісін қағаз бетіне түсіріп жүр. Болашақта өзінің саласы бойынша зерттеу жұмыстары нәтиже беріп жатса, оны да көре жатармыз", — деді Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ, әнші ұлының ерекше тосынсый жасағанын айтып өтті. Димаштың өздеріне арнаған әндері толықтай көңілдерінен шыққан екен.


 

Соңғы жаңалықтар