Димаштың анасы тойларда қыз ұзату әнін орындап, елдің сұранысына ие бола бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаштың анасы тойларда қыз ұзату әнін орындап, елдің сұранысына ие бола бастады

Димаштың анасы тойларда қыз ұзату әнін орындап, елдің сұранысына ие бола бастады

Димаштың анасы тойларда қыз ұзату әнін орындап, елдің сұранысына ие бола бастады.

  • 10 Тамыз 2018
  • 568
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Айған Жолдасова осы жөнінде инстаграм парақшасында жазба қалдырды: 

"Осы əнді естігендер халық əні екен деп, авторын естігенде таң қалып жатыр. Ия, бұл Асқар Дүйсенбінің сөзімен өрнектелген Ұлықпан Жолдасовтың əні. Ал орындап тұрған ерекше дауыс иесі Света Айтбаева.

Тыңдаған жандарға əн ұнап, сондай ерекше комментартийге ие болып жатқанына қуаныштымыз. Ата-бабамыз бұрыннан ырымдап, жақсылығы жұғысты болсын деп кішкентай баланың тұсауын жылдам, қадамы нық адамға кескізсе, ұзатылатын қызбен жаңа түскен келіннің қолтығын əулеттегі сыйлы, көп балалы, өз жолынан жаңылмаған жеңгелеріне сүйеткен. Сол дəстүрдің жалғасын қазіргі ұзату тойларында да жиі көреміз. Света да қайынсіңілісін өз еліне шығарып саларда осы əнді Ұлықпанға арнайы қолқа салып, жаздырған болатын.

Енді, міне бүгін дəл сол əнмен жақын досымыз Елубайдың да қызын шығарып салды. Талантты ұл-қыз тəрбиелеп, ата-енесінің алдын кеспей ақ батасын алып отырған, сыйлы келін, сүйікті жар, аяулы ана Света нағыз осы орынға лайық жан деп ойлаймын. Сенің əніңмен, сүйемелдеуіңмен ұзатылған қыздар да барған жерін бақытты ететін келін болсын! Бұл жақсы ырым, жақсылық жұғысты болсын! 


Досымыздың құда болған қуанышы да құтты, баянды болсын! Алтынай қызымыз сыйлы, еліне сіңімді келін болсын!"

Соңғы жаңалықтар