Жарияланды: 60

Димаштың әрекеті несімен таңғалдырды: видеоны аз уақытта 230 млн адам көрген

Димаштың әрекеті несімен таңғалдырды: видеоны аз уақытта 230 млн адам көрген  Сурет - tengrinews.kz

Димаш Құдайберген түскен видео аудиториясы жарты миллиард адамға жететін Weibo желісінің үздік үштігіне енді

 Еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайбергеннің алмұрт жеп тұрған видеосы бірнеше сағатта 230 миллион рет қаралды.

"Фотообъективтерге қарамастан, әуежайда алмұрт жедім, келгеннен кейін оны Weibo (Instagram-ның қытайлық нұсқасы) желісінен 230 миллион адамның көргенін білдім. Сол кездегі сезімді айтсаңызшы. Сонда бұл өзі қандай алмұрт?", - деп таңғалды Димаш.

Видео әлеуметтік желіде танымалдығы бойынша үшінші орында тұр.

Жазба Қытайдың әлеуметтік желісінде "Шанхайдың қоқыс сұрыптау жүйесі салдарынан Димаш алмұртты сүйегімен бірге жеп қойды" деген жазумен жарияланды.

Атап өтсек, жазда Шанхайда қоқысты бөлек жинау туралы жаңа ережелер енгізілді. Қалалықтар оны төрт топқа сұрыптауы тиіс. Ал ереже сақтамағандарға айыппұл салынады.

Димаш туралы ақпарат порталының коммерциялық директоры Назым Жанғазинова алмұрт туралы оқиғаны әншінің анасы Светлана Айтбаеваның сөзіне сүйеніп, баяндап берді.

Оның айтуынша, Димаштың жанкүйерлерінің бірі одан жемістің қалдығын сыйға тартуын сұраған. Бұдан ыңғайсызданған әнші алмұртты толығымен жеп қойды. Осы сәт камераға түсіп қалыпты.

Назым Жанғазинованың айтуынша, енді фанаттар алмұрт ағаштарын жаппай отырғызуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, 22 қазанды халықаралық алмұрт мерекесі деп жариялау туралы ұсынысты белсенді түрде талқылауда.

Sina Weibo – Қытайдағы ең танымал сайттардың бірі және микроблог желісі. Ол 2009 жылғы 14 тамызда іске қосылған. Желіде жарты миллиардтан астам адам тіркелген. Күнделікті пайдаланушылардың орташа саны – 200 миллион адам.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін