Димаштың қытайлық жанкүйерлері әншіге тағы да тосынсый жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаштың қытайлық жанкүйерлері әншіге тағы да тосынсый жасады

Димаштың қытайлық жанкүйерлері әншіге тағы да тосынсый жасады

Бүгін көпшіліктің сүйкті әншісі Димаш Құдайбергеннің туған күні.

  • 24 Мамыр 2018
  • 94
Фото - Caravan.kz

Осыған орай, әншінің қытайлық жанкүйерлері тағы да тосынсый жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әншінің фанаттары Димашқа арналған құттықтауларын Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы 100-ден астам үлкен LED экрандар арқылы жеткізіп жатыр. Шараны ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бүгін күні бойы аталған қалалардағы үлкен экрандарда Димашты туған күнімен құттықтаған арнайы видеороликтер көрсетіледі.

«Өткен жылы да біз осындай шара өткізген едік, ол кезде тек Астана қаласындағы LED экрандар арқылы құттықтау жолдаған болатынбыз. Димашқа деген қытайлық жанкүйерлердің ықыласы күн сайын артып келеді. Мен де Вейбо желісінде құрылған жанкүйерлер тобының мүшесімін. Сондағы фанаттардың ұсынысымен биыл Қазақстанның үлкен 3 қаласында LED экрандармен келісіп, осындай шараны тағы да ұйымдастырып жатырмыз. Димашты туған күнімен шын жүректен құттықтаймын!», — дейді Қытайдағы Димаштың жанкүйерлерімен желі арқылы байланыс орнатушы ЕҰУ-дың студенті Ақеділ Нұрболатұлы. Еске сала кетейік, Димаш «Singer» байқауындағы ерекше талантымен көзге түсіп, Қытайда үлкен танымалдылыққа ие болды. Сондай-ақ, қазақстандық атақты әнші өзінің туған күні қарсаңында алғашқы бейнебаянын жарыққа шығарды.


Оқи отырыңыз:

Астана мен Ақмола облысында үсік жүруі мүмкін
Балғынбек Имашев: қазіргі тоқал жезөкшенің қызметін атқарады
Өзін әлемдік жұлдызға теңеген Ерке сынға қалды

 

Соңғы жаңалықтар