Жарияланды: 1900

Динара Сұлтан 5 баласымен тұрмысқа шықты: Әншінің күйеуі кім

Динара Сұлтан 5 баласымен тұрмысқа шықты: Әншінің күйеуі кім

Бес баламен тұрмыс құрған Динара Сұлтанның күйеуі кім екені белгілі болды. 

Бүгінде көп балалы ана атанып үлгерген Динара Сұлтанның күйеуімен бас қосқанына 10 жыл толды. Ол отандық меценат Ерлан Қожасайды жанына серік еткен. Олардың "Екі жұлдыз" атты жобада басталған таныстықтары шаңырақ құрумен аяқталды. Динара Сұлтан жақын арада тұрмысқа шыққанын жариялап, тойының суреттерін бөліскен. Бұл туралы әншінің өзі Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берген.

"Аллаға шүкір, Қазақстаныма көшіп келдім. Жолдасымның жұмыс бабымен 5 жылдан астам шет елде тұрдық. Сол уақыт аралығында шығармашылығымда сәл тоқтап қалған болатын. Енді жұмыстың барлығына кірісемін. 5 жылда не тындырғанымды тыңдармандарыма енді ұсынатын боламын", - деп шетелде өткізген 5 жыл уақыты туралы айтып берді өнер иесі.

Өзінен 17 жас үлкен жолдасының өнерге қатысы жоқ екенін айтуды ұмытпады ол. Дегенмен, Динара Сұлтан күйеуінің үнемі өзіне қолдау білдіріп отыратынын жасырмаған. 

"Жолдасымның қазіргі таңда ешқандай қатысы жоқ музыкаға. Ол өнерді сүйеді, жақсы көреді. Бірақ, мені әрдайым қолдап отырады. Сондықтан, алдағы уақытта бірге өлең айту жоспары жоқ" - дейді Динара Сұлтан жары жайлы.

Әрмен қарай өнер иесі неге отбасы туралы айтқысы келмейтінін түсіндірді. Өмірімізді халыққа жарияламаймыз деген екі тараптың да шешімі сыңайлы.

"Жанұя ол жеке болғандықтан, ешқандай жеке өмірімді жария қылмауды қалаймын. Бұл біздің ортақ шешіміз. Сондықтан, халық та ренжімейді деп ойлаймын", - дейді Динара Сұлтан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін