Дінбасылар ораза кезінде тойдың ауыз бекіткендерге ыңғайлы уақытта өткізілуін сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дінбасылар ораза кезінде тойдың ауыз бекіткендерге  ыңғайлы уақытта өткізілуін сұрады

Дінбасылар ораза кезінде тойдың ауыз бекіткендерге ыңғайлы уақытта өткізілуін сұрады

Ораза кезінде жиын-той азайтылып, ол тек ауыз бекіткендерге ыңғайлы уақытта өткізілсе игі. Бүгін Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілдері халыққа осындай өтініштерін жеткізді. 

  • 25 Маусым 2014
  • 194
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, олар алдағы жұманың кешінде тарауық намазын оқылып, сенбінің таң намазында ауыз бекітілетінін хабарлады. Ал оразаның соңғы күні – 27 шілде. Қазірден бастап еліміздегі Алла үйлерінде оразаның сауабы мен оны ұстаудың тәртіптерін үйрететін курстар ашылған. Оған қоса қосымша сұрағы бар қауым үшін телефондар да қойылған. Айта кетейік, Рамазан айында себепсіз аузын ашып жіберген мұсылман оразасыз өткен әр тәулігі үшін өтеуі ретінде 60 күн ауыз бекітуге міндеттеледі. Және биылдан бастап Қазақ елі пітір садақаны бірдей көлемде төлейді, жан басына 200 теңгеден. Бүгін оразаның пайдасы мен шексіз сауабын түсіндірген діндарлар шіліңгір шілдеде ауыз бекіткен жандарға қоғамның түсіністікпен қарауын сұрады. 


Серікбай қажы Ораз, Бас муфтидің орынбасары:

-Осы бір айдың құрметіне той-думандарымыз бар, басқа да әртүрлі жиындарымыз бар. Күндіз емес кешке ауыз ашқаннан кейін елдің бәрінде мүмкіндік болған кезде өткізсек. Және ауыр салада жұмыс істейтін, басқада түрлі салада қызмет істейтіндерге осы рамазан айында өз қол астындағы ұжымдағыларға әр басшы Пайғамбарымыздың хадисінде айтқандай  жауапты осындай үндеу айтылған болатын.