Жарияланды: 690

Діндер диалогы - әлемдегі ынтымақтастық пен өзара түсіністікке жетелейтін ең бір сәтті жол - Сауд Арабиясы Королінің арнаулы өкілі

"Діндер мен мәдениеттер диалогы - әлемдегі ынтымақтастық пен өзара түсіністікке жетелейтін ең бір сәтті жол". Бұл туралы Сауд Арабы Королінің бүгін, 23-қыркүйекте Астанада басталған Әлемдік және дәстүрлі -ұлттық діндер құрылтайына қатысушыларға арналған құттықтау хатында айтылған. Хатты құрылтайда оның арнаулы өкілі, Сауд Арабиясы Корольдығының Әділет министрі Абдулла Аль-Шейх оқып берді.

Бұл хатта Король "жоғары мәртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаев, сізді Алла жарылқасын" дей келіп, Алладан осы Қазақстан Республикасының елордасы Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі -ұлттық діндер сьезіне және оның қатысушыларына сәттілік тілейтінін айтқан. Сіздер таңдаған жол өркениеттер мен діндердің түсіністігі мен жалпы адамдар арасындағы жарастық пен бейтітшілікті, қауіпсіздікті қалыптастырудағы ең бір сәтті жолы болып табылады. Тек диалог арқылы ғана түсініспеушілікті жойып, қақтығыстардың бетін қайтаруға, лаңкестіктің алдын алуға болады. Лаңкестік -барлық адамзатқа қарсы жасалған қылмыс. Ол ешқандай дінге, мәдениетке бөлінбейтіктен қандай бір топқа жатқызуға болмайды, оның отанын анықтау мүмкін емес. Сауд Арабиясы корольдығында лаңкестік қылмыстардың салдарынан бейкүнә сәбилер мен жазықсыз жандар зардап шекті. Бірақ, Корольдық лаңкестікке қарсы тұра білді. Оның жолын кесіп, қылмысты қаралауды жалғастырып келеді. Алланың бұрығымен Сауд Арабиясы лаңкестікті жеңетін болады, деді. Бұл ретте Абдулла Аль-Шейх 2001 жылы АҚШ-та орын алған лаңкестік әрекетке тоқтала келіп, Сауд Арабиясының мұсылман қауымы лаңкестер мен қылмыскерлерге қарсы күресті қатал жүргізе беретінін, Исламда кісі өлтіруге тыйым салынғанын, бұл адамзатқа қарсы қылмыс деп саналатынын атап көрсетті. Сөзінің соңында Сауд Арабиясы Корольдығының арнаулы өкілі құрылтайға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін