Жарияланды: 30

Діни алауыздық тудырғандар жауапқа тартылды

Діни алауыздық тудырғандар жауапқа тартылды

Атырауда діни алауыздық тудырғандар жауапқа тартылды.

Бұл туралы Baq.kz ATPress.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Атырау облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен Атырау облыстық дін істері басқармасының бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде жыл басынан бері деструктивті діни ағым өкілдерінің қолымен жасалған 50 әкімшілік құқықбұзушылықты анықталып, 43 адам жауапкершілікке тартылды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, ең басты орында діни қызмет туралы заңнаманы бұзу болып отыр. Мысалы, ҚР ӘҚтК-ның 490-бабы бойынша («Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы ҚР заңнамасын бұзу») 16 адам жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері діни мазмұндағы 100 шақты кітап пен басқа да өнімдерді тәркіледі.

Полиция қызметкерлері бұған қоса діни, ұлтаралық алауыздықты тудыруды насихаттау мен қолдауға бағытталған мәліметтер мен материалдардан тұратын БАҚ өнімдерінің таралу фактісінің алдын алды. ҚР ӘҚтК-ның 453-бабы бойынша («ҚР аумағында бұқаралық ақпарат құралдарын, оған тең дәрежедегі басқа да өнімдерді дайындау, сақтау, тасу, тасымалдау, тарату») 34 азамат жауапқа тартылған.

Соның ішінде дәл осы баптың «…әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік, рулық алауыздықты тудыру туралы» деп келетін екінші тармағы бойынша жауапты болып отыр. Бұл ретте 20-25 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл түріндегі жаза қарастырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін