"Оның обалына қалып, бағдарламаға бедел жинап тапқан тамақ өңештен қалай өтер екен. Өткен жолы "Өз ойым" ток-шоуының продюсері "Ертеңгі тақырып "қыздығын" сатқысы келген қыз туралы еді.
Осыған имам жіберсеңіз…" деп өтініш білдірді.
Оны жұмысқа шақырып алып, насихат айттық. Айдай əлемге əшкерелеу əдісімен мəселені шешу мүмкін емес екенін түсіндірдік. Ұзақ-сонар əңгіменің тоқетері "тезекті түрткен сайын сасиды" болды.
Бұл бойжеткеннің өзіне берілген "рөлді" сомдап шыққан-шықпағаны бізге беймəлім. "Сценарий ғой" деген ойға құлай бергің келеді.
Десе де оны оқудан шығарып жібергені туралы ресми ақпарат тарады. Бұл енді обал емей, немене?. Оның обалына қалып, бағдарламаға бедел жинап тапқан тамақ өңештен қалай өтер екен.
"Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді". "Өз ойым" шектен шықса, көзі ашық көрермен күңіренер", — дейді ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы.
Естеріңізде болса, өткен аптада 19 жастағы Айнұр Жәнібекова дүйім жұрттың алдына шығып, 2 миллион теңгеге пәктігін сатқысы келетінін айтқан еді.