Жарияланды: 710

Діни лидерлер өзара өшпенділік оты жағылатын қатерлі өліарада тұр, біз осы оттың тұтануына жол бермеуге тиіспіз - Израиль бас раввині

"Діни лидерлер өзара өшпенділік оты жағылатын қатерлі өліарада тұр, біз осы оттың тұтануына жол бермеуге тиіспіз". Бұл туралы Израильдің бас раввині Йон Меңгер бүгін, 23-қыркүйекте Астанада әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайында сөйлеген сөзінде пікір білдірді.

Й.Мецгердің айтуынша, "Жаратушы бізді бір-бірімізді құрту үшін емес, әркім өзінің сенім-нанымы аясында, өз шеңберінде өзіне қызмет етсін деп жаратты", сол себепті "бүгін баршамызға ортақ жаратушы өзінің барлық балалары, дүниежүзіндегі барлық дін өкілдерінің бір үстел басына жиналғанына қуанып отырғаны сөзсіз",- деді раввин. Бас раввиннің пікірінше, жер бетінде бірге тұратындар өзара пәтуаға келіп, бейбіт тату тірлік кешуі тиіс. Бұған нақты мысал ретінде бас раввин 100-деген халық қоян-қолтық өмір сүріп, әлемдік ірі діндер қанаттаса күн кешетін Қазақстанды атады. "Торада былай деп жазылған : "әркім өз пікірімен және өз жүрегімен қалайды"",- деп сабақтады өз сөзін Й.Мецгер : "ал Тораға түсініктеме берушілердің айтуынша, пікір білдіру мен сүйіспеншілікті паш ету аздық етеді. Бұнымен ғана шектелмей, іс тындырып, айтқандарыңды жүзеге асыруың қажет. Егер біз бұл жолғы құрылтайды тек бос сөзбен ғана толтырмай, нақты іс-әрекетпен айшықтайтын болсақ, тіптен маңызды іс болар еді". Й.Мецгер осы орайда 3 күннен кейін Рош-ха-Шана деп аталатын еврейлік жыл санаумен Жаңа жыл келетінін еске салды. Сондай-ақ, ол құрылтайға жиналушыларға "бақыт, табыс пен данагөй басшылық" тілей отырып оң бата берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін