Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы қайтыс болды

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы қайтыс болды

Алматыда 90 жасында дүниеден озған танымал қазақстандық саясаткердің қарындасымен қоштасу Алматыда өтеді

  • 14 Қараша 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Сейсенбі, 13 қарашада Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Сара Ахметқызы Қонаева қайтыс болды. 

Бұл туралы  тілшісіне отбасының досы – Қазақстанның құрметті ұшқышы Мақаш Әбішев хабарлады.

Сара Ахметқызымен қоштасу 14 қарашада сағат 11.00-де Пушкин көшесі, 50 мекен-жайында өтеді.

Сара 91 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 1944 жылы 17 жасында Алматы қаласындағы Орталық телеграфтағы жедел хат жіберу бөлімінде жұмыс істеді. 1946 жылы Алматы медицина институтына түсіп, 1953 жылы бітірді.  

1956 жылдан бастап Қазақ КСР Министрлер Кеңесі емханасының бактериологиялық зертханасында еңбек етті.


Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – белгілі кеңестік партия және мемлекет қайраткері. Екі рет Қазақ КСР Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960-1962, 1964-1986), КОКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, жүзден астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі. 

Дінмұхамед Қонаев 1993 жылы тамызда 81 жасында дүниеден озды.  

 

Соңғы жаңалықтар