Бұл туралы ол “Адырна” ұлттық порталының YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Қайтып келуіме іштегі қажеттіліктен болды деп ойлаймын. Атеист достарым әлі де бар, мұсылман болдым екен деп бас тартпаймын. Онда уахаббисттерден не айырмашылығымыз бар? Адами фактор бізді әлі де біріктіріп отыр. Қайтып келу себебім — қайғыдан немесе басқа нәрседен емес. Өмірімде қуаныш көп болды, қуанатын нәрсе көп болды. Айналамдағы ауырған адамдардың бәрі жазылды, отбасымда да біраз жақсы нәрселер болды. Қуанышты бөлісе алмай күйе бастадым. Қуанышты, жақсылықты бөлісетін үлкен нәрсеге жүрегің қажеттілік болады екен”, — деді жазушы.
Сондай-ақ, ол не себепті екі есімі бар екенін түсіндіріп берді.
”Мен туған кезде атам Микаэл деп қойған. Бір себебі, Абайдың баласының есімі, одан кейін 4 періштенің атының біреуі. Құжатты алатын кезде “кеше ғана орыстан құтылған жоқпыз ба? Микаэлі несі”, — деп әжем Садық деп атымды ауыстырып жіберген.