“Дипломат” қонақ үйінің 71 пайызы енемнің атында» Арыстанбек Мұхамедиұлы әйелі мен балаларына тиесілі компанияларды айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Дипломат” қонақ үйінің 71 пайызы енемнің атында» Арыстанбек Мұхамедиұлы әйелі мен балаларына тиесілі компанияларды айтты

“Дипломат” қонақ үйінің 71 пайызы енемнің атында» Арыстанбек Мұхамедиұлы әйелі мен балаларына тиесілі компанияларды айтты

“Qasqa jol” Youtube-арнасына сұхбат берген Арыстанбек Мұхамедиұлы әйелі мен балаларының атында қандай компаниялар мен нысандар бар екенін айтып берді.

  • 23 Сәуiр 2021
  • 191
Фото - Caravan.kz

Бұл турлы Caravan.kz медиа порталы аталған арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

А.Мұхамедиұлы бұған дейін желіде тараған видеодағы нысандардың біразы әйелі мен балаларынікі екенін мойындады.

“Қазір өте оңай, интернетті ашсаңыз енемнің атынғы, әйелімнің, балаларымның атындағы, 2020 жылы ашқан фирмалар бар. Барлығы бар. қанша салық төленіп жатыр, оны жасыру мүмкін емес, жасырудың керегі де жоқ. Ол заңды отбасылық бизнес. Егер мен оны жасырсам, офшор компаниясына жаздырар едім. Немесе шетелге алып шығатын едім, егер қашатын болсам. Енді мен ондайға қашып жатқаным жоқ»,- деді экс-министр.

Сонымен Арыстанбек Мұхамедиұлы  жұбайының, балаларының, туған-туыстарына тиесілі бірқатар бизнес түрлерін айтып берді.

“Жұбайымның атында The Family деген кафе бар, қазір “Қазақ энциклопедиясын” өткен жылы сатып алғанбыз. Ол нақты жұбайымның атында. Екі ұлымның атында жаңадан ашылған кішкентай компания – Alem education systems бар. Ол білім беру орталығы. Бұл неге керек, сізге айтайын, колледжді де алдық. Оның негізі бағыты туризм, аударма ісі, қонақ үй бизнесі, аспаз ісі. Осы салада жүрген соң, туризм саласын өзім біраз уақыт басқарғаннан кейін білеміз, бізде сервис жоқ. Бұл да инновация. Мен ойлап-ойлап, қонақ үй мен колледжді біріктіріп жатырмын»,- деді ол.

Сондай-ақ Арыстанбек Мұхамедиұлы “Дипломат” қонақ үйінің 71 пайызы енесінің атында екенін айтты.Оны өткен жылы сатып алыпты.


Ал 2000 жылдары әйелі екеуі «Якутские брилианты» атты дүкен ашып, қайын ағасы жіберген гаухартастарды сатумен айналысқан болып шықты.

Бірақ экс-министр “Шапағат” базарын сыйлықтың бір түрі дейді.

“Шапағат” базары мен айтайын, интернетте құрылтайшылары бар, бәрі жазылған. Айжан Мұхамеди менің тұңғыш қызым сондай ұсыныс болған соң, жақын араласып жүрген азаматтар болған соң, біз оны бизнес түрінде емес, бір-бірімізге қарым-қатынасымыз, бір-бірімізге жақын болсын деген ырыммен алынған дүние ғой. 45 пайызын сатып алды. Оның бәрін біз 2020 жылы алдық“, – дейді А.Мұхамедиұлы.

Экс-министр бұдан өзге де бизнестерін айтты.