Дмитрий Медведев Алматыға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дмитрий Медведев Алматыға келді

Дмитрий Медведев Алматыға келді

 

  • 2 Ақпан 2018
  • 276
Фото - Caravan.kz

Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Алматыға келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ресейлік саясаткер Алматыда өтетін Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысы және "Жаһандану дәуіріндегі сандық күн тәртібі" форумына қатысады.

Форумға халықаралық жетекші сарапшылар, Қазақстан және ТМД елдерінің мемлекеттік органдарының басшылары, отандық және шетелдік корпорациялардың өкілдері, іскер топтар мен 150-ден астам қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысады.

Кездесудің басты тақырыбы — әлемдік үрдістер мен трендтерді ескере отырып, ТМД елдерінің экономикасын цифрландыруды дамыту бойынша бірлескен жұмыс туралы болады.


Сондай-ақ, үкімет басшылары трансшекаралық нарықтағы тауарлық бәсекелестік ережелерін, басқа елдерінде жұмыс істейтін мемлекеттердің азаматтарына зейнетақы төлеуді және аграрлық сектордағы бірлескен жобаларды талқылайды.

 

Соңғы жаңалықтар