Жарияланды: 340

Д.Назарбаева Жапония мен Италия елдерінің елшілерімен кездесті

Д.Назарбаева Жапония мен Италия елдерінің елшілерімен кездесті

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабатамен кездесті.

Бұл туралы ҚР Парламеті Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды.

Мейманмен кездесуде сенатор Мемлекет басшысының өткен жылғы қарашадағы Жапонияға ресми сапарының нәтижелі әрі мазмұнды болғанын атап өтті.

И.Кавабата Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады және екіжақты қатынастарды дамытуда мерейлі жыл қосымша серпін беретінін атап өтті. Елші екі елдің заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастықты үдету мақсатында алдағы уақытта жапон парламентшілерінің сапары туралы хабардар етті.

Тараптар екіжақты байланыстардың экономикалық, гуманитарлық және мәдени мәселелерін де талқылады. Кездесу соңында Жапония елшісі қазақстандықтарды Алматыдағы Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың ашылуымен құттықтады.

Сондай-ақ, Дариға Назарбаева Италия Елшісі Стефано Раваньянмен кездесті.   Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылдың бірқатар мәселелері талқыланды. Сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға баса назар аударылды. Атап айтқанда, кездесуге қатысушылар инвестицияға өзара қолдау білдіру және бизнесті қорғаудың заңнамалық мәселелерін қарастырды. Д.Назарбаеваның пікірінше, Қазақстан Италия бизнесінің көрші мемлекеттер нарығына шығу үшін тамаша тұғыр бола алады. 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін