Жарияланды: 50

Доллар бағамы қатарынан үшінші күн нығайып жатыр

Доллар бағамы қатарынан үшінші күн нығайып жатыр

Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 359,46 теңгені құрады.

Бұл туралы  ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап хабарлады. 

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 1,61 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 358,99 теңге, ал ең жоғарысы - 360 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 53,3 млн долларға жетті. Бейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 361,07 теңге, күндізгі сессияда 360,59 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 360,87 теңге болып, сауданың жалпы көлемі 136,55 млн долларды құраған. Еске сала кетейік, сәрсенбі күні Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы 363,48 теңгеден 362,18 теңгеге дейін - 1,3 теңгеге төмендеген болатын. Ал бейсенбі күні тағы да 1,11 теңгеге түсіп, 361,07 теңгені құрады.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть