Доллар ақша айырбас нүктелерінде 390 теңгеден жоғары сатылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kurs.kz-ке сілтеме жасап.
Айырбастау орындарында шетел валютасы 388,8-390,5 теңге тұрады. Дәл осындай көрсеткіш 7 тамызда тіркелді. Доллар бұдан жоғары бағаға әлі қымбаттамаған болатын.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 388,38 теңгені құрады. Өткен сессияның қорытындысы бойынша 30 қыркүйекте бір доллардың құны 387,99 теңге болды. 1 қазанда алғашқы мәміле 388,3 теңге бағамен жасалды. Бұл ең төменгі шығын болды. Максималды баға 388,48 теңгеге жетті.
Сауда-саттық көлемі 525,75 миллион долларға жетті. Бұған дейін Қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары теңгенің сыртқы факторлар тұрғысынан келешегі айтарлықтай нашарлағанын айтқан болатын. Атап айтқанда, АҚШ пен Қытайдың шиеленісті қарым-қатынасы алаңдаушылық тудырып отыр. Мұнайға деген сұраныстың бәсеңдеуі сонымен бірге Қазақстан экономикасына және валютаға қауіп төндіреді.