"Доллар жоқ, бәрі сатылып кетті": Алматы мен Нұр-Сұлтандағы айырбастау пунктеріндегі қазіргі жағдай - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Доллар жоқ, бәрі сатылып кетті": Алматы мен Нұр-Сұлтандағы айырбастау пунктеріндегі қазіргі жағдай

"Доллар жоқ, бәрі сатылып кетті": Алматы мен Нұр-Сұлтандағы айырбастау пунктеріндегі қазіргі жағдай

Бүгін таңда доллар бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Айналасы бір-екі сағаттың ішінде 440, кейбір жерлерде 446 теңгеге көтерілген доллар біраз адамның қан қысымын қоса көтергені рас.

  • 16 Наурыз 2020
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар бағамының қарқынды өсуіне байланысты АҚШ валютасын сату тоқтатылды. Айырбастау пунктері нақты бір бағамды ұсына алмай отыр.

Бағаның шарықтап тұрғанына қарамастан айырбастау пункттеріне келушілер саны толастамай тұр.


Кейбір жерлерде доллардың жоқтығын, жаңа банкноттарды әлі алмағанын айтып жатыр.

Айырбастау пунктерінің бірі долларды сату бағамын ғана көрсетсе, енді бірі тіпті жабық тұр.