Доллардың тоқтаусыз өсуінен кейін жұрт дүкендерден азық-түлікті жаппай сатып алып жатыр
Жұрттың жүйкесін жұқартқан жаңа бағам! АҚШ долларының құны бүгін тағы шарықтай түсті. Кеше ғана 300 теңгеден асып тоқтағандай болған валюта арада тәулік өтпей жатып бақандай 10 теңгеге қымбаттап кетті. Дәл қазір доллардың сату құны – 312 теңге. Күнде өскен көк ақшаға қатысты өкпесін айтып жалыққан жұрт енді өз қамын өзі ойлауға көшкен. Дереу азық-түлік дүкендеріне барып, шетінен қымбаттай бастай бастаса да, тағамдарды артығымен сатып |
312! Доллардың бүгінгі бағамына қараған жұрт қатты жабырқаулы. Өйткені, ішер тамағы тағы да, киер киімі де қымбаттап кете ме деген уайым басым оларда.
-Бәрі қымбат! Жеміс-жидек нан бәрі қымбаттады.
Бәрі қор биржасындағы таңғы сессиядан басталған. Кеше 300 теңгеге жуықтап, әрең дегенде доғарылған доллардың саудасы, таң атысымен тағы өсіп, кешке 310-нан асты. KASE-тегі қызу саудаға Ұлттық Банк бұл жолы да араласқан жоқ. Ал тұрғындар алаңдаулы.
-Кімге сенеміз? Қарапайым адамдарды кім ойлайды?
Доллардың тоқтаусыз өсуі ақша айырбастау орындарын да састырыпты. Биржаны бақылаудан мезі болған бизнесмендердің тынышы кетіп, тіпті, табыс табудан қалдық деп отыр.
Александр Бедарев, Ақша айырбастау орнының директоры:
-Әбден шаршатты. Жүйке де жұқарды. Бұдан тек жоғарыда отырғанда пайда тауып отыр.
Ал сарапшылар ендігі бар үміт Үкіметте деп отыр.
Жарас Ахметов, сарапшы-экономист:
-Теңгеге деген сенім болуы үшін Үкімет дағдарысқа қарсы қандай да бір жоспар құруы қажет. Онда мына біздің, сіздің, жалдамалы жұмысшылардың жағдайын ретке келтіретіндей шарттар болуы тиіс. Егер де Үкімет дер кезінде әрекет жасамаса, ахуал мүшкіл болады.
Доллар құнының күрт өсуі ең бірінші азық-түлікке әсер еткен. Көп дүкендер бағаны бүгін-ақ өзгертіп жіберіпті. Мәселен, мына сұйық май кеше ғана 330-дан сатылған болса, бүгін 395 теңге. Ал нан 20 теңгеге қымбаттап кеткен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін