"Домбыра харам, жүрекке тиеді": Желіде домбыраны харам деген хиджабтағы бойжеткеннің видеосы қызу талқыға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Домбыра харам, жүрекке тиеді": Желіде  домбыраны харам деген хиджабтағы бойжеткеннің видеосы қызу талқыға түсті

"Домбыра харам, жүрекке тиеді": Желіде домбыраны харам деген хиджабтағы бойжеткеннің видеосы қызу талқыға түсті

Ол  өзі де білместіктен 5 жыл домбыра тартқанын айтқан.

  • 8 Қыркүйек 2023
  • 955
Фото - Caravan.kz

Видеодан қыздың бұл ақпаратты Tik Tok желісіндегі тікелей эфирде айқанын байқауға болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ақыретте ұлтымызбен, ұлтшылдығымызбен өтпейміз, иманымызбен өтеміз. Иман, неке ақыретте өткізетін. Менде айтып отырмын ғой 5 жыл қатыстым домбыраға. Ютубта жүр менің домбыра тартқан жерлерім. 5 жыл домбыра, дін туралы білген жоқпын. Кешегі күнге дейін тарттым домбыраны. Бірақ,  ол — харам, жүрекке тиеді, кір екені білінеді", — дейді ол. 

Аталмыш видеоны айтыскер ақын Айшолпан Тлеутай да өзінің Instagram желісінде бөлісіп, жазба қалдырды. 

"Бабаларымыздың қанша ғасыр бойы жинаған құндылықтарын бәр сәтте жоққа шығаратын қандай дін бұл??? Түсінбедім???

Ақыретке иманымызбен өтеміз. Ұлтымызбен өтпейміз дейді. Мына қыздың басы әбден айналып, қиял әлеміне ұшып кетіпті. Алла не үшін бізді әр түрлі ұлт етіп жаратты?

Домбыра есірген адамды жөнге салса, жүрекке тыныштық пен мейірім сыйласа, жүрек тазалығы мен еміне құрал болса, бұның несі харам?


Өздеріңіз білесіздер, діни сауатты уағызшылардың арнайы рұқсат қағазы болу маңызды. Бұл қағаз үшін адамдар қанша жыл үздіксіз білім алады, ненің ақ ненің қара екенін таныған сауатты, білімді адамдар ғана алады. 

Мына қыз секілді әркім келіп не білімі жоқ, не өмірде көргені жоқ өзге ағымдағы азғындаушы адамдардың сөзін жаттап алып халыққа өтірікті шындай айтатын адамдарға мемлекеттің құзырлы органдары неге жаза қолданбай отыр???

Домбыра ол жәй ғана музыкалық аспап емес, ол біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Домбыра қазақтың жүрегі",- деп жазды айтыскер ақын. 

 

Соңғы жаңалықтар