Жарияланды: 1300

Дональд Трамп елден үш миллионға жуық мигрантты қуатынын айтты

Дональд Трамп елден үш миллионға жуық мигрантты қуатынын айтты Сурет - librams.ru

Сайланған АҚШ президенті Дональд Трамп елден үш миллионға жуық заңсыз жүрген келімсектерді қууға дайын екендігін мәлімдеді деп, хабарлайды Today.kz CBS. сілтеме жасап.

«Біздің бұл істі жасаудағы мақсатымыз, қылмыскерлерді, яғни қарақшылар мүшелерін, есірткі таратушыларды елден аластатуымыз керек. Олардың саны шамамен, екі-үш миллион адамдай. Елде заңсыз жүр. Сондықтан, біз оларды қууға міндеттіміз»,-деп хабарлады Дональд Трамп.

Сонымен бірге, сайланған АҚШ президенті шекараны қауіпсіздендірудің қажет екендігін де алға тартты.

Ол өзінің уәдесін қайталай келе, АҚШ пен Мексика арасына дуал тұрғызу ниетін білдірді. Дуалдың кейбір аймақтары тасқұймадан емес, темір шарбақты бөгеттермен қоршалатынын айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін