Дональд Трамп мемлекеттік хатшы қызметіне мұсылманды тағайындамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дональд Трамп мемлекеттік хатшы қызметіне мұсылманды тағайындамақшы

Дональд Трамп мемлекеттік хатшы қызметіне мұсылманды тағайындамақшы

Америка Құрама Штаттарының келесі мемлекеттік хатшысы мұсылман болуы мүмкін. Мұндай болжамды америкалық New York Times басылымы жариялап отыр. 

  • 16 Қараша 2016
  • 1457
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz жазады.
 
Басылымның хабарлауынша, аталмыш лауазымға үміткер ретінде Трамп ауғанстандық Залмай Халилзаданы жөн көріп отырғанға ұқсайды. Бұған дейін БҰҰ-да АҚШ-тың тұрақты өкілі қызметін атқарған Халилзада да республикалық партия мүшесі болып табылады.

Президенттікке қолы жеткен Трамп енді өз маңайына жақтастарын жинауға кіріскен. New York Times газеті оның қорғаныс министрі, АҚШ ұлттық барлау қызметі директоры, сондай-ақ бірқатар министрліктер басшыларын іріктеп жатқанын жазады.


 

Соңғы жаңалықтар